Жаңа жылдық отшашу қоршаған ортаға зиян ба?

Оқи отырыңыз

Жаңа жылды аспанның сәнін келтіретін отшашусыз елесте аласыз ба? Дүкеннен отшашу сатып аларда оның сертификатын қарап, қолдану жөніндегі нұсқаулығымен танысу қажет.

Отшашуды өзіңіз жағатын болсаңыз мына ережелерді сақтаңыз:

  • Пиротехниканы дауылды, желді ауа райында қолдануға тыйым салынады;
  • Кәмелетке толмаған азаматтар отшашуды тек ересектермен бірге тұтатып, тамашалауы қажет;
  • Тамашалайтын адамдар қауіпті аймақтан алыста, шамамен 30-50 метр қашықтықта тұруы қажет;
  • Пиротехниканы ұруға, оттың жалынына қол тосуға болмайды;
  • Пиротехниканы шылым шегіп тұрып қолдануға тыйым салынады;
  • Пиротехниканы алкогольді мас күйде тұтатуға болмайды;
  • Егер отшашу бірден тұтанбаса, оған бірден жақындауға болмайды. Кемінде бір минут күту қажет (тұтанбай қалған отшашуды қайта жағуға болмайды);
  • Отшашуларды салқын әрі құрғақ жерде сақтау керек (ылғалданып қалған жағдайда оны фен не басқа да жылыту құрылғыларымен құрғатуға тыйым салынады).Picture background

Отшашу қоршаған ортаға зиян ба?

Жаңа жылдық отшашу қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Бұл туралы  Алматы ТЖД өткізген брифинг барысында «Қазсалют» ЖШС бас менеджері Нұрлан Қазбеков айтқан болатын.

«Қоршаған ортаға қандай әсер етуі мүмкін? Пирротехникалық бұйымдар – химия және оның құрамында белсенді химиялық элементтер бар. Алайда, олардың көлемі қауіпсіз. Отшашу болғанда пайда болатын көк түс – мыс, ақ түс – стронций. Олар ауаға атылғанда түгел жанып кетеді де, қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Ең бастысы пиротехникалық бұйымдар дұрыс жойылғаны абзал», — деді Қазбеков Нұрлан.

Маманның айтуынша, пайдаланылған пиротехникалық бұйымдарды атқан соң шашып қалдырып кетпей, оларды дұрыс жою керек.

«Бұл бұйымдар Алматы облысындағы Қапшағай қаласында орналасқан арнайы полигонда жойылады. Оларды жоюмен «Қазақжарылысөндірісі» компаниясы айналысады», — деді Нұрлан Қазбеков.

 

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар