Қазақ қыздарының бүгінгі проблемасы қандай? Қоғам тарапынан оларға қандай қолдау, қандай қысым бар? Бұл сұрақтарға қазақша сериалдар арқылы жауап табуға болады. Назарларыңызға әйелдер өмірінің оң жаққа өзгеруніе ықпал еткен сериалдарды ұсынамыз.
-
«Қашан туасың?» Әдемі есімді гинеколог қыз тұрмысқа шыққанына біраз уақыт өтсе де, бала көтере алмайды. Оған таныстары «етікші етікке жарымапты» деп тұспалдап, тезірек сәбилі болу керектігін есіне сала береді. Осындай сәтте Әдеміге кім қолдау көрсетті? Сериал тек қана бір әйелдің тұрмыстық өмірін суреттеп қоймай, жалпы жыныстық сауаттылық мәселесін, әйелдер денсаулығын, отбасылы жұптардың психолгиясын сан қырынан ашады.
2. «Няня». Пәтер иесі жалдау ақысын төлемегендіктен Жанарды ұлымен бірге қуып жібереді. Қайда барарын білмей, ол құрбысы Нұргүлден пәтерінде уақытша тұра тұруын сұрайды. Жанардың жағдайына қарап, Нұргүл бастықтарының отбасында няня болып жұмыс істеуді ұсынады. Сұхбат барысында ол бұл жұмысқа тұру мүмкіндігі жоқ екенін түсінеді, бірақ сондада үй иесінің ұлымен бірден тіл табысып кетеді. Сериалда ажырасқан әйелдердің, жалғыз басты аналардың жан-дүниесіндегі күйзеліс пен қайсарлық тамаша үйлесім тапқан.
3. «Жайна». «Жар сүйіп, бақытты бол!», «Тезірек күйеуге шық!», «Енді тойыңда жолығайық!» Қыз баласы 18 жасқа толған туған күнінен бастап, осы секілді тілектерді қанша рет естиді екен?! Ал өзіміз ол тілектерді қанша рет айттық?! Әйел болып туылуымыздағы бар мақсат, тұрмысқа шығып, ана атану ғана ма? Бұл сериал «оң босағада отырған» Жайна есімді қыз туралы. Өзіне айтылған тілектерден мезі болған ол, әртүрлі жігіттермен танысуды бастайды.
.
4. «Көрші». Рүстем атты жас жігіт өз көршісіне ғашық болады. Алайда, ол ұнатқан көрші Индира есімді әйел отбасылы болып шығады. Жас жігіт әйелді жайына қалдырмақшы болып жүргенде, оның тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны екенін байқайды. Сондықтан, Индираны балаларымен бірге қабылдап, бақытты қылғысы келеді. Оның бұл тілегі орындала ма? Оны сериалдан біле аласыздар.
5. «Қарлыған ұя салғанда». Оқиға желісі бойынша Қарлығаш жасы 32-де, жұмысында табысты қыз. Жалғыз өзі үлкен үйде өмір сүреді, салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанады, ең қымбат дүкендерден киінеді, алайда жеке өмірі сәтсіз. Ал, көрші үйде сымбатты зергер өмір сүріп жатады. Бір-біріне өмір салты мүлде ұқсамайтын екі адамды не байланыстыруы мүмкін? Сериалда тұрмыс құрмаған қыздардың қандай кедергілерге тап болатыны, психологиясы жақсы ашылған.
6. «Шеше». Жалғызбасты, 3 балалы Шынар әлеуметтік жағдайы төмен болғандықтан басқа үйге көшіп келеді. Балаларын асырау үшін күні түні құрылыста ауыр жұмыс жасап жүріп, 3 ай өмірі қалғаны жайлы суық хабарды естиді. Осыған байланысты балаларын жетімдер үйіне алып кетпек. Балалардың алдағы өмірі не болмақ? Шынар қандай шара қолданады? Сериалда балалары үшін өзінің денсаулығын, қалауларын, өз арманын ұмытып, өмірдің бар қызығынан бас тартқан әйел образы бейнеленген.