Астанада ер адам лифтте тұрған әйелді пышақпен қорқытқан

Оқи отырыңыз

Астанада ер адам лифт ішінде әйелге пышақпен шабуыл жасады. Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада бейтаныс адам лифтіде тұрған әйелді пышақтап кете жаздады (ВИДЕО)

Жапа шегуші әйелдің айтуынша, ол құлағына наушник тағып алған. Ер адам сұрақ қойғанда естімей қалған екен. Соған ашуланса керек, әлгі ер адам ұзын пышағын алып шығып, әйелдің мойнына кезеген. Шыбын жаны шыға жаздаған әйел үйде кішкентай балам бар деп, лифті ашылғанда әрең қашып құтылған», — деп жазады аталмыш дерек көзі. 

Полиция департаментінің өкілдері мұндай оқиғаның болғанын растады.

«Қорқыту бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады», – деп хабарлады департамент өкілдері.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар