«Қазақстан» телерадиокорпорациясы драма жанрындағы тағы бір тарихи телетуындыны көрермен назарына ұсынбақ.
Драма жанрындағы телетуынды арқылы көрермен төл мәдениетіміздің алтын дәуірі саналатын 1930-40 жылдардағы қазақ музыка және театр өнерінің тарихымен танысады.
Тарихи телехикаяда әлемдік музыка мен қазақ мәдениетіне құнды мұра тарту еткен көрнекті тұлғалар – Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Евгений Брусиловский, Мұқан Төлебаев бастаған ұлы композиторлардың өмір жолы мен шығармашылық жолындағы көпшілік біле бермейтін оқиғалар көрініс табады.
Туындының қоюшы-режиссері – Айдын Сахаман, продюсері – Назгүл Карабалина, сценарлық жоба авторы – Евфрат Шарипов.