«Reels – 5 миллион теңге»: Отандық блогерлер жарнама үшін қанша алатындарын айтып берді

Оқи отырыңыз

Отандық блогерлердің негізгі табыс көзі жарнама екені жасырын емес. Stan.kz тілшісі аудиториясы ауқымды блогерлерге хабарласып, қаламақыларының құнын сұрап көрді.

Алдымен Instagram желісінде 1 миллион 300 мың оқырманы бар актриса, блогер Әсел Асқарға хабарласып көрдік. Желі жұлдызы сұрағымызға “қалтаға қол салғанмен бірдей” деп ренжігенімен, жауап беруден бас тартпады.

“Көп гонорар сұрайтындай керемет актриса емеспін. Кино саласына енді аяқ басып жатырмын. Бір күндік түсірілім – 150 мың теңге. Кәсіби актрисалар сияқты өте көп гонорар сұрамаймын. Жеке парақшамдағы жарнама құнын айта алмаймын. Біздің халық біреудің ақшасын санағанды жақсы көреді. Үнемі блогерлерді сөз етіп, соларды жамандап жатады. Менің гонорарым 3 миллион теңгеден басталуы мүмкін. Тіпті кейде 10 миллион теңгеге жарнама жасаймын. Маған кімнің не айтатыны маңызды емес. Менің табысым – менің жекеменшігім”, – дейді Әсел Асқар.

Одан кейін желідегі парақшаларында өмір салты мен психологияны жиі насихаттайтын блогер Айжұлдыз Адайбекованың да 1 миллион 200 мың оқырманы бар. Жолдаған прайс-лист мәліметіне сүйеніп, қымбат блогерлердің қатарына жатқызуға болатынын түсіндік.

“Instagram желісіндегі бір сторис құны – 1 миллион 100 мың теңге. Парақшаға пост жариялау – 3 миллион 200 мың. Видео жүктеу – 3 миллион 200 мың. Тұтынушымен бірігіп видео түсіру құны – 3 миллион 800 мың”, – делінген мәліметте. Алайда блогер құмар ойын мен нумерологиялық кеңес және көлік ойнату ұтыстарын жарнамаламайтынын ескерткен.

Сондай-ақ отбасылық өмір мен бала күтіміне қатысты жазбаларын бөлісіп отыратын блогер Айгерім Абдуллаева да жарнама құны қымбат желі жұлдыздарының көшін бастап тұр.

“Егер Instagram желісінде пост жариялағыңыз келсе, 3 миллион теңге болады. Видео Reels – 3 миллион 500 мың теңге. Бір сторис құны – 500 мың. Бірнеше сторис салғыңыз келсе – 1 миллион  500 мың теңге төлейсіз”, – деді блогердің көмекшісі.

Жақында ғана 60 миллион теңге жұмсап туған күнін тойлаған блогер Дариға Нүкееваға  жарнама жасатқыңыз келсе екі миллион теңгеден асатын ақшаңыз болғаны абзал.

“Instagram-дағы жеке парақшасында пост жариялау – 2 миллион теңге. Reels құны – 2 миллион 500 мың. Бір сторис – 800 мың. Үш-төрт сторис құны – 1 миллион 800 мың теңге”, – деп жауап берді блогердің менеджері.

 

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар