Жазира Байырбекова: «Ер азаматтарды қатты еркелетіп жіберген қоғамға айналғандаймыз»»

Оқи отырыңыз

Жазира Байырбекова 18 жасында тұрмысқа шығып, ауылда тұрып, ененің қатал тәрбиесінен өткенін әңгімелеп берді. Бұл туралы өнер иесі «Мамский әңгіме» жобасында айтты.

«Ауылда жүрген кезде бәріне көндік. Жұмыссыз болдық бәріміз. «Жанболат пен Жазираға мал бақтыратын шығармыз» деді. Үлкендер не айтса солай болады. Мал бақтырамыз дегенде, қай ыдысты алып кетсем екен деп жүретін едім», — дейді әнші.

Оның айтуынша, тұңғышы Қазбектің кішкентай кезінде ойыншық сатып алуға қаражат болмаған.

«Қазбек мектепте оқып жүргенде айтамын. Біздің мал бағуымыз да мүмкін еді. Өзіміздің емес, жұрттың малын. Сен малшының баласы да болуың мүмкін еді. Сондықтан «мұндай жерде тұрмас едім деп айтуға болмайды» деймін. Менің кез келген жерде тұруым мүмкін еді. Адам ешқашан «олай етпес едім, мұндай тұрмас едім» деп айтуға болмайды… Алла Тағала бізді осы жолға әкеліп, бәрін реттеп, «сенің өмірің мынау деп көрсеткендей» болды. Қазір 45 жастан асқанда өмірдің бақытын, рақатын енді көріп бастаған сияқтымын», — дейді әнші Жазира Байырбекова.

Сонымен қатар әнші өз басынан өткен қиындықтарды саралай келе:

«ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙ БОЛСА ДА, КҮЙЕУІҢ НЕ ІСТЕСЕ ДЕ ШЫДАУ КЕРЕК ДЕГЕН ОЙДА БОЛДЫМ. АЛ МЕНІҢ ҚАЗІР ОЙЫМ ӨЗГЕРДІ. АДАМҒА ӨМІР БІР-АҚ РЕТ БЕРІЛЕДІ. ЕГЕР, ҚОЛ ЖҰМСАЙТЫН БОЛСА, БІР-БІРІН ТҮСІНБЕЙТІН, БІР-БІРІН ҚОЛДАМАЙТЫН БОЛСА, УАҚЫТТЫ КЕТІРУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ ДЕГЕН ТҰЖЫРЫМҒА КЕЛДІМ.

Мен бұрын отбасын сақтау үшін бәріне көну керек деп ойлайтынмын. Қазір қоғамдағы түрлі оқиғаларды көре отырып, халықпен бірге ойымды өзгерттім.

ЕР АЗАМАТТАРДЫ ҚАТТЫ ЕРКЕЛЕТІП ЖІБЕРГЕН ҚОҒАМҒА АЙНАЛҒАНДАЙМЫЗ. ЕР АДАМҒА КӨЗГЕ ШӨП САЛУ, ӘЙЕЛДІ ҰРУҒА БОЛАДЫ, ІШУГЕ ДЕ БОЛАДЫ, АЛ ӘЙЕЛ АДАМДАРҒА ЕШТЕҢЕ БОЛМАЙДЫ ДЕГЕН СИЯҚТЫ…» — ДЕДІ БАҒДАРЛАМА ҚОНАҒЫ. 

Жазира Байырбекова болашақта өз келіні болғанда оны барынша қолдайтынын, құрбысындай сырласқысы келетінін жеткізді.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар