Қазақ киносының классикасына айналған фильм заман талабына сай қайта түсіріліп жатыр. Абдолла Қарсақбаевтың туындысы жаңа форматта таспаланып, халыққа жол тартпақшы.
Мәдениет және ақпарат министрлігі кинотуынды туралы келесідей ақпарат берді:
- Жаңа нұсқада қазіргі заман технологиялары мен трендтері енгізілген. Бірақ, түпнұсқаның негізгі идеялары сақталады. •
- Басты рөлдегі актерлер көрермендердің оң бағасын алып жатыр.
«Менің атым Қожа» – балалық шақтың естелігі ғана емес, сонымен қатар қазақ мәдениетінің құнды мұрасы. Бердібек Соқпақбаевтың классикалық туындысы жаңа буынмен қайта қауышуға дайын.