Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» картинасын білмейтін жан жоқ. Алайда, осы сурет туралы сіз білмейтін қызық деректер де жетерлік.
-
Мәселен, суреттің итальян тіліндегі толық атауы – Ritratto di Monna Lisa del Giocondo, қазақ тіліне аударғанда бұл Лиза Джоконда ханымның суреті дегенді білдіреді.
-
Картинадағы бейнеленген ару флоренциялық жібек мата сатушының әйелі Франческо дель Джоконда деген мәлімет бар.
-
Суретке зейін қойып қарасаңыз Мона Лизаның қасы жоқ екендігін байқайсыз. Осыған орай да Винчи перфекционист адам болған деген пікір бар. Дұрыс қас сала алмаған суретші оны өшіріп, қайта салуға мұршасы жетпеген көрінеді. Қандай болғанда сурет өте әдемі болып шықты.
-
1965 жылы Уго Унгаца атты бір кісі суретке тас лақтырғандықтан, Мона Лизаның сол шынтақ жағындағы сыр бүлініп кетті.
-
Бір қызығы қазір бұл сурет Париждегі Лувр мұражайының арнайы сол сурет үшін жасалған бөлмеде сақталынып тұр. Оқ өтпейтін шынымен қорғалған суреттің ескіріп кетпеуін қамтамасыз ету үшін арнайы микроклимат қарастырылған. Бұл бөлмені құрастыруға мұражай 7 миллион доллардан астам қаражат жұмсады.
-
Жақында жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындыларына сенетін болсақ, бұл суреттің үш қабаты бар. Шамасы Леонардо бұл суретті бірнеше рет салған көрінеді.
-
1911 жылы Лувр мұражайының қызметкерінің көзі суретке түсіп, оны ұрлап алған. Мона Лизаны тек екі жылдан кейін тауып, заңды жеріне қайта орнатты.