Климаттың өзгеруі салдарынан әлемде шаң-тозаңға аллергиясы бар адамдар саны артып келеді, деп хабарлайды 24kz. Өйткені атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері артып, фотосинтез жылдамдайды.
Бұл өсімдіктердің гүлдеу уақытына, ұзақтығы мен қарқындылығына әсер етеді. Ғалымдардың зерттеуі «Атмосфере» халықаралық ғылыми журналында жарияланды.
Климаттың өзгеруінен жұқпалы аурулар да көбейіп жатыр, — дейді мамандар.
Заманның дамуына байланысты тұрмыстық химия өнімдерінің көбеюінен аллергиямен ауыратындардың саны да артып отыр. Бұл ауру адам иммунитетінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан пайда болады. Бүгінде әлем халқының 40%-і аллергиямен ауырады. Оның ішінде Қазақстанда мұндай дертке шалдыққандардың саны — 35-38%. Адамдардың басым бөлігі аллергия тек жазда болады деп ойлайды. Алайда бұл дерттің түрлері өте көп және оған жыл мезгілінің катысы жоқ.