Мәжіліс отырысында депутат Қарақат Әбден премьер-министрге сауал жолдап, еліміздегі әйелдерге қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Депутат ұсыныстары төмендегідей:
1. Гендерлік теңдік бойынша ұлттық мониторинг пен есеп беру жүйесін құру, гендерлік квоталарды іске асыру және әйелдердің басшылық қызметтерге қатысуын арттыру бойынша басқа да мақсаттар. Әрине әйелдерді басшылық қызметке тағайындау тек олардың құзыретіне негізделуі керек.
2. Мемлекеттік қызмет жүйесі мен квазимемлекеттік сектордың барлық деңгейінде әйелдер көшбасшылығының ұлттық бағдарламаларын іске қосу. Мұндай мүмкіндіктерге қол жетімділігі шектеулі аймақтардағы әйелдерге ерекше назар аудару керек.
3. Скандинавия елдерінің тәжірибесіне назар аудара отырып, әйелдер үшін қысқартылған жұмыс уақытын енгізу мүмкіндігін қарастыру. Бұл жұмыс істейтін әйелдердің бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді;
4. Бала тәрбиесінің инфрақұрылымын дамыту, атап айтқанда, тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу және жұмыс орындарында балалар бөлмелерін құру қажет.
5. Бала күтіміне байланысты ақылы демалысты екі жылға дейін ұзарту.
6. Кемсітушілікпен күресуге және жұмыс орнындағы әйелдерді қорғауға бағытталған құқықтық шараларды күшейту.