«Тарихи жеңіс!» Қазақ қызы ММА бойынша әлем чемпионы атанды

Оқи отырыңыз

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Мөлдір Әшірбекова ММА IMMAF бойынша ел тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды.

cover

Ташкентте (Өзбекстан) Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының (IMMAF) қамқорлығымен аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтуде. Мөлдір Әшірбекова 74,8 келі салмақта өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақты.

Ширек финалда қазақстандық қыз Анголалық Эсперанса Чилаланы 17:5 есебімен ұтса, жартылай финалда тағы бір анголалық Джорджина Людмиладан (11:1) басым түсті. Әшіберкова финалдық белдесуде мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, 13:1 есебімен жеңіске жетті.

«Мөлдір Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы, бұл – тарихи жеңіс», деп хабарлады Қазақстан аралас жекпе-жек федерациясының баспасөз қызметі.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар