Әлеуметтанушы Ғалым Жүсіпбек «Тіл кеспек жоқ» сайтының тілшісіне берген сұхбатында осы сұрақтарға жауап беруге тырысты.
— «Қыз алып қашу» неліктен дәстүр саналып келді?
Қазақтар тайпалық системамен өмір сүргендіктен, үйлену тек екі жастың, тіпті отбасының жеке мәселесі емес, түгелдей рудың, тайпаның мәселесі болған. Осындай шарттарда өмір сүрген халықта қыз алып қашу ережеден тыс нәрсе болды. Егер қызды келісімсіз алып қашсаңыз, оның отбасы мен руына құрметсіздік танытқандай боласыз. Қыз жақ көбіне разы боп, екі жақ та келісімін берсе ғана қыз алып қашуға рұқсат берілген. Бірақ соның өзінде мұндай шешім рулық-тайпалық жүйеге қарсы әрекет саналды. Кеңес үкіметінің коллективизациясы кезінде қазақтардың тайпалық румен өмір сүруі тоқтатылды. Оны кеңес үкіметі өте анайы ашаршылықпен біткен формамен жасады. Қазақ зиялылары мұны бірте-бірте эволюциялық жолмен жасауға тырысқан. Алаш зиялылардың мен білетін көпшілігі қыз ұзату жасаған жоқ, қалыңмал берген жоқ. Екі жастың өзара келісімі арқылы үйленді. Отау құрудың осы үлгісімен олар бірте-бірте халықтың да өзгеруін қалаған. Бірақ оған уақыт жетпей қалды.
Дәстүрді ширма ретінде қабылдап, құқық бұзуға рұқсат берілу — советизм
Қазақтар мен қырғыздар ұстанған ислам діні бойынша үйлену тек келісіммен болуға тиіс. Ең консерватор, патриархал ислам интерпретациясында әйелді тұлға ретінде қабылдаған. Исламда ғасырлар бойы басқа мәдениет өкілдерімен араласып тұрғандықтан, біреудің киіміне қатты мән берілген жоқ. Күнә жасаса, әр адам Құдайдың алдында өзі жауап береді делінген. Исламдағы үлкен фокустың бірі — зинақорлық жасамау. Дін тұрғысынан теріс интерпретация жасайтындар фокусты біреудің киіміне қойып, зинақорлық пен зорлауды ақтап тұр. Бұл ислам парадигмасына қайшы нәрсе. Айналып келгенде қыз алып қашу жыныстық зорлыққа әкеледі. Бұл жерде біріншіден тұлғаны мойындамау мен үйлену процесін түсінбеу бар. Үйлену деген екі адамның жақсы көріп, сүйіп қосылуы ғой. Мұны дәстүрмен де, дінмен де ақтауға болмайды.
Дәстүр қандай болуы керек?
— Отарсыздану тұрғысынан қарасақ, дәстүрдің түпкі негізінде тұлғаны қорғау бар. Сол үшін патриархал дәстүрлерден эгалитар дәстүрлерге органикалық түрде ауысуымыз керек. Дәстүр қатып қалған нәрсе емес, оған өзгеру тән. Оны қыз алып қашудан да көре аламыз, мысалы осыдан жүз жыл бұрын қыз алып қашып, артынан арақ ішіп зорласа, қазақтар, өзбектер шалқасынан түсіп, таңғалар еді. Қыз алып қашу мысалынан дәстүрдің негатив трансформациясын көре аламыз. Арақ ішеді, зорлайды, одан кейін кемпірлерді жинап алып, осы үйде бақытты боласың, қал деп көндіруі —
дәстүрдің негатив трансформациясы. Шынтуайтында бұл қазақта, өзбекте, қырғыздарда бұл дәстүр саналмаған. Дәстүрдің позитив рансформациясында адамды тұлға ретінде дамуын қамтамасыз етіп, адами қадір-қасиеттің жалпыға ортақтығына мән беріледі. Дәстүр адам құқықтарын қорғамаудың сылтауы, бүркемесі болмауы керек.
— Кейінгі жылдары қыз алып қашу — қыз жақ ұзатуға қаражаты жеткіліксіз болып, ұзату тойын жасамау үшін келісетін формаға айнала бастады. Бұған қатысты не ойлайсыз?
— Меніңше қазіргі таңда үйлену той жасаудың керегі жоқ. Өйткені қазір біз тайпалық қатынаспен өмір сүрмейміз. Алып қашпай-ақ, жасырын ешкімге жарияламай-ақ үйлене салуға болады. 2000 жылдардың басында үйлену процесі қиын болатын. 80-ші жылдары қазақтар кафеде дүркіретіп той жасамай-ақ үйлене салатын. Ығы-жығы қалың мал беріп, жасау дайындап, бұған көп ақша құрту өте сирек болған. Демек капитализмнің келуімен бірге дәстүрдің басқа химерасын көреміз. Той арқылы экономиканы креативті түрде дамытпайтын, ішінде капитализм, сыртында дәстүрі бар ақша шашуға итермелейтін секторлар пайда болды. 4-5 адам шақырып, бір кішкентай отырыс жасап, шағын той жасаса да жеткілікті.
«Жағдайымыз мүшкіл, той жасай алмаймын» деп қыз алып қашуды ақтау — менталды түрме!»
— Алып қашпай-ақ жасырын үйлене салу оңай шешім. Біз қазақпыз, қырғызбыз, дәстүрімізге келтірейік деген логикалық қателік депсанаймын. Мойындаймын, әрине капитализмкелгеннен кейін үйлену қатты қиындап кетті.Бұл бір жағынан реформаланбағандәстүрлердің әсерінен болды деп ойлаймын.Джәдидшілер дәстүр, дін бар болса, адам игілігі үшін болуы керек деген көзқарасты ұстанды.Зиялылар колониаға жұмыс істеген жоқ, олар колониядан білім алды, тілін үйренді, бірақ парадигмасын өзгертпеді. Біз сол буыннан ажырап кеттік.
— Тәуелсіздігімізге 30 жыл болғанына қарамастан, елімізде «қыз ұрлап, неке қиюға мәжбүрлеу» деген бөлек бап жоқ. Басымыздан өткенді құқықтық, саяси тұрғыдан зерттеу не себепті әлі күнге дейін жүргізілмей жатыр деп ойлайсыз?
— Біздің құқықтық жүйемізде тіпті дискриминацияның, құлдықтың, зорлық-хомбылықтың 5-6 формасының нақты анықтамасы жоқ. Гендерлік теңсіздікті енгізіп, ЛГБТ құқықтарын шектейік десек, ол дискриминация пропагандасы боп саналады. Құлдық ол жылдар бойы біреудің үйінде құл боп жүру ғана емес. Қыз алып қашу да — құлдық. Расизм ұғымы да қазір кеңейді. Исламофобия да, антисеметизм де расизмге кіреді. Бұлардың бәрі динамикалық ұғымдар. Бұған әлі неге кезек жетпеді, неге бұлар әлі анықталмады? Меніңше бізде тәуелсіз сот пен парламент болмады, авторитар жүйені ұстанғандықтан, біраз уақытты жоғалтып алдық. Өйткені құлдық, дисркиминация, зорлық-зомбылық сынды дефинициялар адам құқықтарын қорғайтын демокритиялық қоғамның дефинициялары. Біз демократия бола алмадық, адам құқықтарын қорғайтын деңгейге жетпедік, сондықтан бұл нормаға айналды. Өйткені авторитар жүйеде мұндай құқықтар оңайлықпен қорғалмайды.
Қыз алып қашу ғана емес, саяси тұлғаны да алып қашады. Бұл тұста қыз алып қашу саяси тұлғамен салыстырғанда авторитар билік үшін
түкке тұрмай қалады.