Әлемдегі ең ауқымды кітап көрмесіне қазақ авторларының кітаптары қойылды

Оқи отырыңыз

Frankfurt International Book Fair — әлемдегі ең ауқымды кітап көрмесі. Осы көрмеге жалпылай 95 елдің 4 мың баспа үйі мен әдеби агенттіктері қатысып, 135 елден 200 мыңнан астам адам көрермен ретінде жиналады.

The Bookseller - News - Frankfurter Buchmesse 2024 to feature English-language exports, film, games and AI

Бұдан бөлек, жыл сайын 7 мыңнан көп журналист қатысып, санаулы күн ішінде осы көрме жөнінде 11200 мақала жазылып, оны әлемнің түкпір-түкпіріндегі 850 миллион адамға жетеді екен. Қазақстан биыл осы көрмеге тұңғыш рет қатысып отыр.  Мәдениет мининстрлігі биылғы шараға  Қазақстанның ұлттық стендін құруға рұқсат  алды. 

Халықаралық жәрмеңкеге қоғам қайраткерлері, отандық баспагерлер, аудармашыларды қоса алғанда 30-дан астам отандық өкіл, сондай-ақ «Мектеп», «Алматыкітап», «Атамұра», «ARMAN-PV», «Steppe & World Publishing», «ASTANA-KITAP» «ALQA PUBLISHING» сынды ірі баспалар қатысуда.

«Қазақстанның Frankfurter Buchmesse — 2024 кітап жәрмеңкесіне қатысуы – еліміз үшін маңызды тарихи оқиға. Бұл халықаралық платформа бізге мәдени мұрамызды таныстырып, қазақстандық авторлар мен баспагерлерді әлемдік деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. Жәрмеңке аясында тек отандық басылымдарды таныстырып қана қоймай, болашақта стратегиялық байланыстар орнату үшін маңызды кездесулер мен келіссөздер өткізуді жоспарладық. Бұл бастама біздің кітап нарығының дамуына, оның жаңа деңгейге шығуына және авторлардың шығармаларын әлем бойынша таратуға бірегей мүмкіндік береді, —

деді Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архивтер, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али.
Frankfurter Buchmesse аясында көрмеден бөлек семинарлар, дөңгелек үстелдер, концерттер және басқа да мәдени іс-шаралар өткізіледі.
Айта кетейік, Frankfurter Buchmesse жыл сайын өткізілетін дүниежүзілік ең ірі жәрмеңке саналады.

«ARTS and STAGE» атты алаңда қазақ жазушыларының үздік кітаптары таныстырылды.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар