Сенатор Қазақстандағы алименттік төлем балалардың қажеттіліктерін өтеуге жетпейтінін, жалғыз басты аналар үшін тым мардымсыз екенін жеткізді.
Оның айтуынша, бүгінде бір балаға алимент ата-ананың табысының төрттен бір бөлігін ғана құрайды, бірақ алиментттен жалтарға әкелер өз кірісін жасырып қалуға тырысады. Бұл тқлем құнынынң азаюуына алып келеді.
Мысалы, әкесі 85 000 теңге жалақы алған жағдайда небәрі 22 000 теңгені құрайды, бұл бір балаға ең төменгі күнкөріс деңгейінің жартысын да қамтамасыз етпейді. Депутат лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін айына кемінде 130 000 теңге қажет екенін атап өтті. Шешім ретінде Асанова алименттің икемді мөлшерін енгізуді, балалардың жасын ескеруді және кірісін жасырған адамдарды әшкерелейтін механизм әзірлеуді ұсынды.
«Кеңестік заңнама нормаларына негізделген алименттің қолданыстағы жүйесі баланың жас ерекшеліктерін және өзгеріп отырған экономикалық жағдайларын ескермейді. Бұл балалардың осал күйде болуына және толыққанды даму үшін қажетті ресурстардан айырылуына әкеледі. Қазақстанда, керісінше, алименттердің ең төменгі мөлшері заң жүзінде белгіленбеген, бұл төлеушілер төлемдерді азайту үшін өздерінің нақты табыстарын жасыратын жағдайға алып келеді», — деп атап өтті ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова.