Квадробика деген не? Жасөспірімдер неге жануарға ұқсауға әуес?

Оқи отырыңыз

Жастар арасында жаңа бір мәдени ағым кең таралуда.  Жан-жануардың бетперделерін, құйрығы мен құлақтарын тағып алып, хайуанаттарға еліктеп жүретін субкультура өкілдерін — квадроберлер деп атайды.

Квадроберы: кто это такие, чем они занимаются и опасно ли это — М.Клик

Квадробика алғашында спорт түрі болған…

Квадробика — «квадро» (төрт) және «аэробика» деген сөздердің қосындысынан шыққан. Түпкі мағынасы — жануарларға ұқсап төрт аяқтап жүгіру . 

Спорт түрін жапон спортшысы, жеңіл атлетші Канити Ито ойлап тапқан. Ол өте жылдам жүгіретін қабілетке ие болғанымен, сырт келбеті үшін адамдар оны  маймылға ұқсатып, мазақ еткен екен. Канити Ито осыдан соң жануарлар әлемін  бақылай бастайды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ол тіпті орманда өмір сүріп, олардың әдеттерін қайталап, үйренген деседі.

Всероссийская федерация легкой атлетики | Руки в ноги
Нәтижесінде жапондық спортшы төрт аяқпен жүгірудің өзіндік әдісін ойлап тапты, ал оның осы спорт түрінен көрсеткен  нәтижелері Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Қазіргі уақытта 8-14 жастағы жасөспірімдер квадробикаға көптеп әуестенуде. Басым көпшілігі бұл мәдениетті спорт ретінде емес,  хобби ретінде қарастырады. Алайда, жастардың жаппай жануарға еліктеуі қоғам наразылығын тудырып отыр.

Бұл қоғамға қауіпті ме?

Өсіп келе жатқан баланың адами қасиеттерді ысырып қойып, қасқыр болып ұлып, мысық болып мияулап, арыстан болып ырылдап жүргені көзге де, көңілге де ересі көрінетіні анық. Өзбекстанда «Квадробинг» субмәдениетін ұстанатын балалардың ата-аналарына айыппұл салынатын болады. Себебі, Ташкентте өзін «ит» ретінде санайтын бала қасындағы балаға шабуыл жасаған. Көрші мемлекетте орын алған осы жағдайдан соң, Өзбекстанның ішкі істер министрлігі хабарландыру жариялады:

«Бұл жағдайлар қоғамдық орындардағы тәртіпке қайшы, сондықтан мұндайға мүлдем жол берілмейді. Мамандардың пікірінше, «квадробика» баланың жануарлардың агрессивті әрекеттерін қайталап, өзіне және айналасындағыларға зақым келтіруі мүмкін. Бұл субмәдениет баланың әлі толық қалыптаспаған психикасының бұзылуына әрі қоғамнан оқшаулануына себеп болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

 

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар