Әзілхан Нұршайыхов "Махаббат, қызық мол жылдар" романын ауызша ғана айтып, бірақ, уақыт тауып қағазға түсіруге ерініп жүрген екен. Оқиғаның ауызша нұсқасын бір отырыста естіп қалған Ғафу Қйырбеков "Егер осыны өзіңіз қағазға түсірмесеңіз, мен поэма етіп жазып тастаймын!" деп қолқа салыпты. Тек осы диалогтан соң ғана автор ғаламат туындысын өмірге әкелген екен.