Жас қаламгер Ақгүлім Ерболқызының рецензиялары кітап туралы баяндап беруден гөрі, автор мен кейіпкердің жан дүниесіне үңілуге көбірек ұқсайды. Ол өзі оқыған шығармаларды оқырманға түсіндіруге, талдауға талпынып тұрады. Сондай ізденістен туған тағы бір рецензия кореялық жазушы Хан Каңның "Вегитариан" кітабына...
Романды бастағанда басты кейіпкердің бір кеңістіктен екінші кеңістікке өте ұтымды өтетінін байқадым. Соңына дейін аты кім деп ойладым. Ал адам жаны саяси құралға айналған қоғамда аты аталмай, ұмытылып кеткені қаншама? Ағыраптың тұрғыны болып, Елдестей туған ағасын сатып, өзі жынданып...