Астана медициналық университетінің интерні ұшақ бортында жолаушының өмірін құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға Қызылорда–Астана бағытындағы рейсте болған. Ұшақта жолаушы есінен танып, жүрегі мен тынысы тоқтаған.
Астана медициналық университетінің интерні Дінмұхаммед Бектұрған шұғыл көмек көрсетіп, жүрек-өкпе реанимациясын жасап, жолаушының өмірін сақтап...