Қазақстандық алимент төлемеудің айласын ойлап тапқан

Оқи отырыңыз

Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған қос азаматтығы бар ер адам анықталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді. 

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі алимент төлеуден жалтарған, іздеуде жүрген 48 жастағы ер адамды анықтады.

«Іздестіру шаралары барысында ер адамның Ресей Федерациясы аумағында жүргенде тегі мен әкесінің атын өзгертіп, Ресей азаматтығы мен төлқұжатын алғаны белгілі болды. Осылайша, ол құқық қорғау және шекара қызметтерін алдап, Қазақстан Республикасының шекарасын кедергісіз кесіп өткен. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оның қос азаматтығы бар екені дәлелденді», — делінген хабарламада.

Сот шешімі бойынша, құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 540 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Соңғы жарияланымдар

«Олардың жасында үш қыздың анасы едім”: Гүлнұр Мамасарипова «Кәрі қыз» фильмі арқылы қоғамға үндеу жасады

Танымал кинопродюсер, сценарист Гүлнұр Мамасарипова су жаңа кино туындысына қатысты Stan.kz тілшісіне аз-кем ойын бөлісті. Фото: https://www.instagram.com/gulnur_mamasaripova/ Күні кеше продюсердің "Кәрі қыз" атты фильмі көрерменге...

Ұқсас ақпараттар

Яндекс.Метрика