Министрлік Қазақстанда ұялы байланыс тарифтерінің өсетінін мәлімдеді

Оқи отырыңыз

Жаңа жылдан кейін тарифтерді көтеруді бастап кетті

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек байланыс операторлары Қазақстанда тарифтерді жаңа жылдық мерекелерден кейін көтеруді бастағанын мәлімдеді. 

Ол кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, министрліктің тарифтерге тікелей ықпал ете алмайтынын атап өтті.

«Бұл нәрсе бойынша біз тек – операторлармен осы тарифтер жөнінде келіссөз жүргізе аламыз. Жаңа жылдың алдында халықтың көңіл-күйін түсірмес үшін тарифтер бағасының өспеуін сұрадық. Осылайша өсім болмайды деп келістік. Операторлар өз сөздерінде тұрды. Бірақ жаңа жылдан кейін олар тарифтерді көтеруді бастап кетті. Әрине, біз осы нарықтағы реттеуші ретінде байланыс операторларының бұл әрекетін ұнатпаймыз», – деді Асхат Оразбек.

Сондықтан министрлік монополияға қарсы қызметкерлермен бірлесе отырып, нарықтағы ықтимал келіспеушіліктерді анықтау үшін түрлі әрекет пен тергеулерді жүргізбек.

Соңғы жарияланымдар

«Олардың жасында үш қыздың анасы едім”: Гүлнұр Мамасарипова «Кәрі қыз» фильмі арқылы қоғамға үндеу жасады

Танымал кинопродюсер, сценарист Гүлнұр Мамасарипова су жаңа кино туындысына қатысты Stan.kz тілшісіне аз-кем ойын бөлісті. Фото: https://www.instagram.com/gulnur_mamasaripova/ Күні кеше продюсердің "Кәрі қыз" атты фильмі көрерменге...

Ұқсас ақпараттар

Яндекс.Метрика