«Күн сайын бір әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады» (Дәрігермен сұхбат)

Оқи отырыңыз

«Әйел — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербейді» деген сөз бар.  Екеуін де махаббатымен тербеп, әдемі үйрестіре білу үшін әр әйел ең алдымен өзін аялауы керек. Матералды құндылықтар тым көп дәріптелетін заманда әйелдің өзін жақсы көруі тек қалаған затын сатып алуы деп түсіндіріледі. Негізінде, өзін жақсы көру — ең алдымен, денсаулыққа мән беруден басталады. Біз бүгін әйелдер денсаулығы жайлы онкогинеколог Райхан Болатбековамен сұхбаттастық. 

— Жақында Алматы қаласында әйелдерге консультация, тексерістен өткізу сияқты қызметтеріңізді тегін ұсынып ашық есік күнін өткізген едіңіз. Іс-шара қалай өтті?

— Алматы онкологиялық орталығында ашық есік күні жатыр мойны обырына қарсы хабарландыру айлығына арналды. Бұл күні біз 100-ден астам әйелді қабылдадық, оның ішінде бір науқаста жатыр мойны обыры диагнозы анықталды, ал 40 әйелде жатыр мойны обыр алды аурулары бар деген күдік бар. Ауруды ерте анықтасақ емдеу кепілді болып саналады.

— Елімізде жатыр мойны ісігі көп кездесе ме? Оның пайда болу себептері қандай? Алдын алу жолдары бар ма?

— Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 2000-нан астам жаңа жағдайы анықталып, күн сайын бір-екі әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады.
Негізінде жатыр мойны обыры – толықтай алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік!
Жатыр мойны қатерлі ісігінің басты себебі адам папиллома вирусы болып табылады, ішінде ең онкологиялық түрлері АПВ 16 және 18 түрлері. 97% осы вируспен байланысты. Созылмалы вирус тасымалдау белгілі бір жағдайларда жатыр мойны обырының дамуына әкелуі мүмкін. Жатыр мойны ісігінің алдын алу жолдарына вакцинация және ерте анықтау бағдарлмалары (скрининг) кіреді. Адамның папилломавирусы мен жатыр мойны обыры арасындағы байланыстың ашылуы жатыр мойны обырына қарсы вакцина жасаудың бастамасы болды. Кәзіргі таңда әлемде АПВ вакцинаның 3 түрі бар: соның бір түрі біздің елде бар.
Жатыр мойны обырын ерте анықтау жолдары бар, олар жатыр мойнын гинекологиялық тексеруден бастап, онкоцитологияға жағынды алу — Пап-тест және АПВ сынамасын жүргізу.

— Жалпы көп ата-аналар қыздарына жыныстық сауаттылықты үйретуге ұялады. Сіз маман ретінде қыз балаға өз ағзасының ерекшеліктері туралы қай жастан бастап айтуға болады деп санайсыз?
— Балаларыңызға олардың денесінің ерекшеліктерін және жыныстық жетілу туралы уақытында түсіндіру өте маңызды. Жыныстық сауаттылықты түсіндіру жасөспірімдер дамуының маңызды бөлігі болып табылады. Жыныстық жетілу кезеңі 10-12 жаста басталады және менің ойымша, бұл жаста балаңыздың ерекшеліктерін ескере отырып, сіз балаңызға даму ерекшеліктерін, қалаусыз жүктілік қаупі туралы және міндетті түрде жыныстық қатынас кезінде берілетін инфекциялар туралы түсіндіруіңіз керек. Бұл — ұялатын нәрсе емес.

— Ауыл-аймақта тұратын қыз-келіншектер білікті мамандарға баруға жолы түсе бермейді. Жалпы гинекологиялық проблемалардан үй жағдайында қалай сақтана аламыз? 

— Әйелдер, қай жерде тұратынына қарамастан, жылына кемінде бір рет гинекологқа бару керек. Жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін елімізде де скринингтік бағдарлама бар. Бағдарлама еліміздің емханаларында 4 жыл сайын 30-70 жас аралығындағы әйелдерге тегін ұсынылады.
Сонымен қатар, жатыр мойны обырының даму қаупін азайту үшін салауатты өмір салтын ұстану керек, бұл темекі шекпеу, белсенді өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, салмақты бақылау және жыныстық серіктесті дұрыс таңдауды. Өйткені жыныстық серіктесті тез алмастыру қауіп факторлардың бірі болып табылады.

Бесполезные анализы в гинекологии

— Егер әйел өзінің бала көтеруге қатысы бар органдарын емдемей, дүниеге сәби әкелсе ол баланың денсаулығына кері әсер етпей ме? Мысалы, көп әйел эрозия, эндометриоз деген сияқты диагнозбен ұзақ уақыт жүре береді.

Шынында да, көптеген әйелдер жүктілікті арнайы дайындықсыз жоспарлайды. мысалы, олар ұрыққа теріс әсер ететін кейбір аурулардың немесе инфекциялардың болуы туралы білмейді. Мысалы, цитомегаловирус, желшешек, гепатит және АИТВ инфекциясы сияқты кейбір инфекциялар ұрықтың жатырішілік дамуына әсер етуі мүмкін. Эндометриоз немесе жатыр мойны эрозиясы сияқты кейбір аурулар ұрықтың жатырішілік дамуына әсер етпейді. Дегенмен, оны да асқындырмай уақытында емдеу керек. 

— Ел ішінде көп кездесетін екі түрлі сұрақ бар. Біріншісі — алғаш бала босанғаннан кейін спираль арқылы сақтанған әйел ұзақ уақыт балалы бола алмай қалады дейді. Екіншісі  — горманалды дәрілер әйелдің денсаулығына, көңіл күйіне кері әсерін береді деп жатады. Осы ақпараттар қаншалықты шындыққа жанасады?

— Босанғаннан кейінгі контрацепция әйел үшін өте маңызды. Контрацепцияның бір түрі — жатырішілік құрылғыны орнату (спираль). Спираль әйелдерде бедеуліктің дамуына әсер етпейтіні дәлелденді. Сондай-ақ өте танымал гормоналды ауызша контрацептивтерді тағайындау. Бұл препараттарды емшек сүтімен емізу кезінде қолдануға болатыны және олардың әйел жыныс мүшелеріне теріс әсер етпейтіні дәлелденді. Олар тіпті предменструальды синдромға оң әсер етеді.

— Қазір интернеттегі ақпаратқа сеніп, құрамы күмәнді дәрі дәрмекті алатын арулар аз емес. Соның бірі қынапты тарылтатын свечалар. Дәрігер кеңесінсіз осындай препараттар қолдану ағазаға зиян емес пе?

— Бұл — маркетингтік айла деп айта аламын. Әйелдерге қынапты тарылтатын суппозиторийлер (свеча) қажеті жоқ деп есептеймін. Қынап қабырғаларын тарылтуға көмектесетін көптеген жаттығулар (Кегель жаттығулары) бар немесе қынаптың пластикалық хирургиясы қажет. Жалпы мен маман ретінде ғана емес, әйел ретінде қыз-келіншектерге желіде көрген күмәнді өнімдерді тұтынуға кеңес бермеймін. Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар. Яғни, әбден асқынып, денсаулығыңыз нашарлағанда дәрі-дәрмек іздеп кетпей, күнделікті күтініңіз. Гигенаны сақтаңыз.

Вакцина от пневмококка — Кому показана прививка — Схемы вакцинации от пневмококка

Тағы бір айта кетерлік жайт, жатыр мойны обыры — жер бетінде алдын алуға болатын бірден-бір қатерлі ісік. Гинеколог маманның тексерісіне уақытылы барсаңыз, оны болдырмауға мүмкіндігіңіз бар деген сөз. Осы күзден бастап адам папиллома вирусына қарсы екпе салу басталады. Бұл екпені 11-13 жасар қыздар алса, болашақта жатыр мойны қатерлі ісігі деген диагноздың қаупін 97 пайызға төмендетеді. Сондықтан, вакцина алудан қашпаңыздар. Денсаулықтарыңызға аса құрметпен, сақтықпен қараңыздар, құрметті арулар!

Сұхбаттасқан: Айым Алтайқызы

 

Соңғы жарияланымдар

«Олардың жасында үш қыздың анасы едім”: Гүлнұр Мамасарипова «Кәрі қыз» фильмі арқылы қоғамға үндеу жасады

Танымал кинопродюсер, сценарист Гүлнұр Мамасарипова су жаңа кино туындысына қатысты Stan.kz тілшісіне аз-кем ойын бөлісті. Фото: https://www.instagram.com/gulnur_mamasaripova/ Күні кеше продюсердің "Кәрі қыз" атты фильмі көрерменге...

Ұқсас ақпараттар

Яндекс.Метрика