Алматыда әйелдер онкогинекологқа тегін қарала алады

Оқи отырыңыз

18 қаңтарда Алматы Онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді. Бұл туралы Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы Онкологиялық орталығының онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі Райхан Болатбекова хабарлады.

«Ашық есік күні 2025 жылғы 18 қаңтарда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Алматы Онкологиялық орталығында өтеді. Бұл күні әйелдер онкогинекологтардан кеңес ала алады, алдын алу мүмкіндіктері туралы біле алады және жатыр мойны патологиясын ерте анықтау үшін тексеруден өтеді», — деді Райхан Болатбекова.

Дәрігер орталыққа 18 жастан асқан кез келген әйел келе алатынын айтты.

Ұйымдастырушылар осы мүмкіндікті жатыр мойны обыры және оның алдын алу шаралары туралы хабардарлықты арттыру үшін пайдалануға шақырады. Бұл аймақтағы әйелдердің денсаулығын жақсартуға және сырқаттанушылықты азайтуға бағытталған маңызды қадам деп атап өтті Райхан Өлмесханқызы.

Қаңтар көптеген елдерде жатыр мойны обыры туралы хабардар болу апталығына арналған. Қаңтар айында осы бастама аясында онкологтар мен гинекологтар аурудың бастапқы және қайталама алдын алу шаралары, алғашқы белгілері мен емдеу тәсілдері туралы айтады.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар