«Күйеуімнің жетістігі менің мықтылығымнан»: Жазира Байырбекова жазбасымен елді ойландырды

Оқи отырыңыз

Жазира Байырбекова  Instagram-дағы парақшасында қызық жазба жариялады. Өнер иесі бүгінде ер адамның жетістігін өзінің арқасы деп айтатын әйелдер көптеп кездесетінін алға тартты. Сөзінше, олардың бұл пайымына ер азаматтар да сеніп жатады.

Алайда Байырбекованың өзі бұл тұжырыммен келіспейтінін жеткізді. «Күйеуі еңбекқор, табысты, абыройлы, жетістікке жетіп жатқан келіншектер күйеуінің осындай дәрежеге жеткені «менің мықты, ақылды болғанымнан» яғни «күйеуімді осылай мен жасадым» деп жатады әйелдер арасында. Бір қызығы жетістікке жетіп, өсіп жатқан жігіттер әйелінің осы ойына сенеді, мойындайды, әйелін құрметтейді. Ал өзгергісі, дамығысы, өскісі келмейтін, жалқау, қырсық, керітартпа жігіттерді өзгерту әйелдің қолынан келе ма қалай ойлайсыздар? Менің ойымша, ер адамның табысты, мейірімді, отбасына қамқор болуы үйленгенге дейінгі болмысы сияқты», — деп жазды әнші.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар