Қазақстанда курьерлерге талап күшейтілді

Оқи отырыңыз

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда тамақ жеткізу қызметіне қатысты жаңа стандарттар күшіне енеді. Енді курьерлер медициналық тексеруден өтуге міндетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мәлімдеді.

Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. ҚР сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан стандарттау және метрология институтының бастамасымен ҚР СТ 3988-2024 «Қоғамдық тамақтану қызметтері. Тұтынушылардың тапсырысы бойынша қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу. Жалпы талаптар» құжатын бекітті.

Жаңа стандартқа сәйкес:

Медициналық талаптар: Курьерлерде медициналық тексеруден өткені туралы белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапша болуы қажет. Сондай-ақ, олар кәсіби гигиеналық дайындықтан өтуге міндетті.

Мінез-құлық ережелері: Курьерлер жалпы қабылданған мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтауы керек. Қаптаманың сапасы: Қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу кезінде және тапсырыстарды беру пункттерінде қаптаманың тасымалдау барысында сыртқы зақымдануын анықтау мүмкіндігі қарастырылуы қажет.

Қабылданған стандарттар мейрамхана, кафе, логистикалық компаниялар мен курьерлік қызметтердің жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекованың айтуынша, жаңа стандарттар қоғамдық тамақтандыру саласында талаптардың ашықтығы мен бірізділігін қамтамасыз етеді және бұл саладағы қызмет сапасын жаңа деңгейге көтереді.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар