Әзербайжанның әйгілі Minval Politika порталының журналистері қазақстандық құтқару қызметтеріне Ақтаудағы Azerbaijan Airlines жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау салдарын жоюдағы жұмысы үшін алғыс білдірді.
Бұл туралы Әзірбайжан порталы өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
Қазақстандық құтқару қызметтері мен дәрігерлердің жоғары кәсібилігіне ерекше назар аударған жөн. Барлық жұмыс жедел жүргізілl3. Қазақстандықтар жаппай қан тапсыруда! Олардың күш-жігері үшін алғыс айтамыз. Рахмет, Қазақстан, — делінген хабарламада.
Белгілі әзербайжандық журналист әрі блогер Гамид Гамидов зардап шеккендерге қан тапсыруға ағылған қазақстандықтарға алғысын білдірді.
Ақтау қаласында қазақ бауырларымыз ұшақ апатынан аман қалғандарға қан тапсыру үшін кезекте тұр. Көп рахмет!,- деп жазды блогер өзінің Facebook парақшасында.