Жақында ғана сүйіктісінен үйлену туралы ұсынысты қабыл алған қазақстандық әнші AYREE желіде жары — Нұркен Қасымовпен неке қию рәсімінде түскен суретін салды.
Әйгерім Шанхай қаласына клиптің түсіріліміне барған. Іскерлік сапардың соңы романтикалық ұсынысқа ұласып, Нұркен есімді клипмейкер азамат әнші аруға сөз салған болатын.
Әншінің оқырмандары екі өнер адамының жарасымды жұп екендерін жарыса жазып, бақыт тілеп жатыр:
«Биылғы жылғы ең керемет жаңалық осы болды», “Бақытты болсын, бастысы», «Дорамадағы жұптар секілді», «Керемет», «Дорама ғой», — деп жазды көпшілік.