Қар тазаланбаған: Алматы орталық стадионының басшысы «Астана»-«Челси» ойынынан кейін қызметінен босатылды

Оқи отырыңыз

Алматының Орталық стадионының басшысы «Астана»-«Челси» матчы алдында трибуналардың уақытылы тазаланбауына байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Алматыда өткен “Астана”-“Челси” футбол клубтары арасындағы ойынды тамашалауға барған жанкүйерлер көрермендерге арналған орындықтар мен баспалдақтардың қардан тазаланбағанын айтып, наразылық білдірген еді. Желіде стадионның қар басқан орындықтарының фото-видеолары тарады.

«Алматы қаласы Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатардағы орындықтардың (орталық стадиондағы жалпы орын санының 2,7%-ы) арасындағы қардың уақытылы тазаланбауына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Алдағы уақытта мұндай оқиғаларды болдырмау үшін тексеру жүргізіледі. Орталық стадион нысанының меңгерушісі Бауыржан Жұмажанов қызметінен босатылды», – делінген Алматы қаласының спорт нысандары дирекциясының хабарламасында.

 

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар