Түркия азаматы 70-ке жақындағанда Қожа Ахмет Ясауи университетінің ең егде студенті атанды. Кадрие Ышыклы қазақ тілін үйреніп, мәдениетімізбен танысу үшін Түркістанға оқуға келген.
Қазір ол Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіндегі дайындық орталығында дәріс тыңдап жүр. Айта кетейік, мұнда университеттің ішкі грантына ие болған 200-ден астам шетелдік оқиды. Олар қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерін үйренеді. Дайындық орталығын сәтті аяқтаған білімгерлер әрі қарай өзі таңдаған мамандығы бойынша университетте білімін жалғастырады. Ал Кадрие Ышыклы бұған дейін «Туризм» мамандығы бойынша білім алып, әлемнің 20-ға жуық еліне саяхаттаған. Енді Орталық Азия елдерімен етене танысуды мақсат етіп отыр, сондықтан алғаш алған білімін одан әрі жетілдірмек.
Кадрие Ышыклы, студент:
— Мен Қазақстанға келгеніме бір айдан асты. Қазақ тілін үйреніп жүрмін. Мен үшін қазақ тілі ұнайды.