Еліміздегі беделді оқу орындарының бірінде шетелдік азаматтарға қазақ тілінен дәріс беретін педагог Ақибат Ақжігітова ана тіліміздің бүгінгі ахуалына алаңдайтынын жеткізді. Оның сөзінше, басқа ұлттың азаматтары қазақ халқының өз тілінде сөйлемейтіне таң қалады екен.
«Соңғы уақытта елiмізге шетелдiктер ағылып оқуға кеп жатыр. Үндiстан,Ауғанстан, Сирия, Түркия, Қытай, Ресей т.б. елдердiң студенттерi елiмiздiң жоғары оқу орындарының студентi атанып үлгердi. Елiмiздiң экономикасына, туризмнiң дамуына жаксы-ақ. Еш қарсылығым жоқ. Мен адамзаттың бәрiн Абайша «бауырым деп» сүйетiн қазақпын! Мақтанышпен айтамын. Туған тiлiмдi өзге ұлт өкiлiнiң аузынан естісем қуанамын. Тілімді үйретіп, ұлтымның мәдениетін таныстыру — мен үшін бақыт!
Бірақ бір «бірақ» бар! Түрік студенттерім «Қазақша сөйлесейін десем, көшеде бәрі бізге орысша жауап қайтарады» деп айтып қалды. «Сендер — шетелдіксіңдер, сол үшін орысша сөйлейді», — дедім мен қалыспай. «Жоқ, ходжам, «қазақша айт» деп те талап қойдық», — дейді олар. Айналайын, қазақ елі! «Сырт көз — сыншы». Ең болмағанда шетелдіктермен қазақша амандасайық. Орысша 50 сөз жаттап алуға шамасы жеткенде, қазақшаға шамасы жетпейді деп ойлайсыздар ма?
«Казахстан — практически русскоговорящая страна» дегендi дәлелдеп жатқандаймыз.
Дәріске келген шетелдікті қазақша нан тауып жейтіндей деңгейге жеткіземіз. Еңбегіміз зая кетпесінші…» — деді оқытушы.