Амилай бүркеншік атымен танымал трансгендер әскерге шақыру қағазын алғанын мәлімдеді.
Трансгендердің айтуынша, оған әскери комиссариаттан қоңырау шалып, шақыру қағазы жіберілген.
«Маған қоңырау шалып: «бауырым, сен қайдасың?» деп сұрады. Мен «бауырың емес, қарындасыңмын» деп жауап беріп, трансгендер Амилай екенімді түсіндірдім. Маған төлқұжатымды алып, дүйсенбіде әскери мекемеге келуім керек екенін айтты», дейді ол.
Алматы қорғаныс департаменті блогер Амилайдың (шын аты-жөні Абылай Баймұратов) әскерге шақыртуына қатысты пікір білдірді.
“Жасы толған барлық азаматқа шақырту жіберіледі. Әлеуметтік мәртебесі, қызметі және басқа да факторлар ескерілмейді. Стандартты хабарландыруға сәйкес, 2000 жылы туылған Б. деген азамат қорғаныс ісі басқармасына шақырылды. Әскерге бару-бармау мәселесін медициналық құжаттар негізінде дәрігерлер шешеді. Алматы қорғаныс департаменті теңдік және заңды сақтау қағидатын ұстанады. Барлық азаматқа бірдей амал жасалады», – дейді басқарманың баспасөз қызметі.