Отандық танымал актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова өзге фильмге барғандарды сөз еткені үшін желіде үлкен сынға қалды. Ол тікелей эфирде отырып кинотеатрдан беріліп жатқан өзге киноларға барған жұртқа ренішін білдірген еді.
Қазір кинотеатрларда актрисаның «Таптым-ау, сені-2» фильмі көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, қазақстандық жұлдыздар дубляж жасаған «Моана-2» мультфильмі де прокатта жүріп жатыр.
«Қазақтың киносы тұрғанда, шет елдің мультфильміне неге барасыңдар?» деп ашуланған ол оқырмандарына жазба жариялап, орын алған жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Ұялмай басымды тік көтеріп айта аламын! Хейтерларды да, қуантып қою керек. Өсек айтып, жерден алып жерге салудың жүгі ауыр. Бәріне ұнауым шарт емес. Бірақ қалың көрерменге рахмет айтамын. «Таптым-ау сені» ұнап жатыр шынымен! Осы жолы бөлім керемет шықты, шүкір! Одан кейін балалар мультфильмге бармасын деген жоқпын. Жалпы әңгіме өрбіген кезде Голливуд жайында айттым! Өзіміздің киноны Голливудпен салыстыру, әбестік емес! Сондай ойда жеткізілді. Бұрмалаудың қажеті жоқ», — деп жазды актриса. Оған қоса өнер иесі өзінің қызуқанды адам екенін айтып, өзіне жағымсыз пікір жазып жатқандарға үндеу жасады. «Кейбір кісілер сияқты өз елімнің киносына бармаңдар деген жоқпын. Мен қаным қызу адаммын есіңгің алдындағы ит жаман десе, намыстанатын. Хейтерларға тілерім өмірлері тыныш жақындары аман болсын. Жеті ұрпағына жететін жақсылық жасасын», — деп жазды ол.