Жаңа жылдық іс-шараларды мектептен тыс жерде өткізіп, мұғалімге сыйлық алу үшін ақша жинауға бола ма? Мұны Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Мектептерде ақша жинауға болмайды. Бұған министрліктің бұйрығымен тыйым салынған. Мектептерде ақша жиналмауға тиіс. Тіпті, мектеп бітіру кеші болсын, оның ішінде жаңа жылдық іс-шаралар да бар. Ақша жинамай-ақ кез келген іс-шараны өткізуге болады. Әсіресе, кез келген іс-шара мемлекеттік бағдарлама («Бір тұтас тәрбие») аясында жоспарланған. Онда мұғалімдерге сыйлық қарастырылған. Әрине, берілген рұқсаттың аясында. Бірақ менің білуімше, мұғалімдер ешкімнен сыйлық күтпейді, — деді Ғани Бектайұлы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, мектеп – сапалы білім мен тәрбие беретін орын. Жаңа жылдық іс-шараны қосымша шығынсыз өткізуге болады.