«Ұлттық қор – балаларға»: жаңа жылда есепшоттарға қомақты қаржы түседі

Оқи отырыңыз

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов ұлттық қордың биылғы табысын жариялады. Соның тең жартысы 18 жасқа толмаған балаларға таратылады. 

Айта кетсек, биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша ұлттық қордың таза табысы 5,3 млрд долларды қамтыды. Соның жартысы 2,6-2,7 млрд доллар болады.

Біз орташа соманы аламыз. Содан соң балалардың саны ескеріледі. Бірақ әрбір баланың есепшотына түсетін ақшаның көлемі бұған дейінгі сомадан көп болады, — деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк мамандарының айтуынша, биыл қордың табысы бұған дейінгі кезеңмен салыстырғанда көп болған. Сондықтан келесі жылы қаңтарда 18 жасқа толмаған әрбір баланың есепшотына 100 доллардан артық ақша түседі.

Бүгінде зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігі доллармен жатыр. Сол себепті осы қордың табысы да өседі деген болжам бар.

 

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар