Малайзия университетінің тілдер факультетінде жаңа семестрден бастап қазақ тілі оқытыла бастайды. Университет деканының орынбасары Азлин Зайти Зайнал Малайзия астанасында өткен құрылтайда Орталық Азияны зерттеу курсы ашылатынын және қазақ тілі оқытылатынын мәлімдеді.
Шетелдегі қазақтардың кіші құрылтайы алғаш рет Малайзияның Куала-Лумпур қаласында 2024 жылдың 10-13 қарашасы аралығында өтті.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде тұратын қазақтардың басын қосатын аталмыш шара мәдениет пен экономика тақырыптарына арналған мазмұнды пікірталастар алаңы болды. Бұл шара шетелдегі қазақтардың бірлігі мен ынтымағын нығайтып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға және жаңа буын өкілдеріне жеткізуге бағытталған.