Кубада магнитудасы 6,8 бал болған күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ-тың геологиялық қызметі жер сілкінісінің ошағы Бартоломе Масоға жақын маңда орналасқанын мәлімдеді. Мамандар бұл апаттың бір апта толассыз соққан дауыл салдарынан болғанын айтып жатыр. Жер сілкінісінен бірқатар өңір тұрғындары электр жарығынсыз қалған.
Жер дүмпуі Кубаның бүкіл шығыс аймағына, Сантьяго-де-Куба сынды ірі қалаларға сезілген. Әзірге келтірілген шығын мен қаза тапқандар туралы дерек жоқ.