Науқастарды тіркеу үшін дәрігерлер кабинетіне камера орнатылады

Оқи отырыңыз

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде елде науқастардың емханаға келгенін тіркеу үшін дәрігерлер кабинетіне камера орнатылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған жоба пилоттық режимде Астананың 48 емдеу мекемесінде іске қосылған екен. Ал 2025 жылдан бастап елдің барлық аймағында енгізіледі.

«Медициналық мекемелер науқасты тіркеп, бет-әлпет арқылы тексеруден өткізу үшін веб-камера сатып алуға міндеттеледі. Камералардың бағасы 3000-4000 теңге аралығында, егер қымбатын алғысы келсе, онда 15000 теңгеден басталады. Біз бағасы шамамен 4000 теңге болатын камералармен сынап көрдік, барлығы дұрыс жұмыс істеп тұрды», – деді ол.

Сонымен қатар Face ID жүйесін енгізу үшін қаржы бөлінбегенін, ал жүйені денсаулық сақтау министрлігі үш аптада жасап шыққаны айтылды.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар