Келесі жылдан бастап мектептерде «педагог-ассистент» мамандығы пайда болады

Оқи отырыңыз

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, елімізде 496 ұйым жұмыс істейді, сондай-ақ арнайы қолдауға мұқтаж балаларға арналған 1071 кабинет жабдықталған. Мектептердің 88%-да және колледждердің 80%-да инклюзивті оқыту үшін жағдайлар жасалған.

Мектептерде «педагог-ассистент» лауазымы енгізілді, бұл мамандар санын бір жылда 1-ден 2,5 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Енді бұл лауазымның ашылуы мектепке дейінгі ұйымдарда да қарастырылып жатыр. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен барлығы 9 мыңнан астам арнайы педагог жұмыс істейді.

«Келесі жылдан бастап педагог-ассистенттер колледждерде дайындала бастайды. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін мектепте «жеке көмекші» лауазымы енгізіледі. Сондай-ақ «педагог» кәсіби стандартына ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу бойынша жаңа мамандықтар енгізіліп жатыр», дейді Ғани Бейсембаев.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар