Қазақ қызы «әлемнің үздік 100 архитекторы» тізіміне енді

Оқи отырыңыз

Қазақстандық архитектор Әсел Есжанова — 100 әйгілі архитектор әйелдің есімі жинақталған кітапқа енді.

The book “100 Women: Architects in Practice” has been launched in London! | Belatchew Nyheter

«100 women:  Architects in Practice» жинағының мақсаты —  сәулет өнеріне үлес қосып жүрген әйелдер есімін әлемге таныстыру. Әсел Есжанова осындай маңызды жобаға өз қолтаңбасын қалдырған алғашқы қазақстандық ару. 

Әсел Есжанова бала кезінде саясаткер немесе журналист болуды қатты армандапты. Алайда анасының ақылымен архитектор мамандығына түсуді ұйғарған.  Алдымен, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университенінде одан кейін, Нью-Йорктағы Пратта институтында магистратурада оқыған.

Ол Ақмола облысы, Есіл станциясында дүниеге келген. «Менің туған жерімде көз тартар сұлу ештеңе болған жоқ. Бес қабатты тұрғын үйлерден басқа, кеңестік модернизмнің еш белгісі байқалмайтын. Сондықтан, архитектор болсам деген ой маған жақсы идея болып көрінді.» — дейді талантты сәулетші.

«Әлемнің әйгілі 100 архитектор әйел» кітабы екі жылға жуық уақыт әзірленген. Сондықтан, Әсел бұл жинақтың шығатынын мүлдем ұмытып кеткенін айтады. Бұл кітапта тек сәулет өнерінде аты қалған арулар тізімі ғана емес, архитиктура саласы туралы іргелі зерттеулер де бар. Кітапта Элизабет Диллер, Ясмин Лари сияқты дүниежүзіне танымал әйелдер есімі де бар.

«Қазақстандағы қазіргі заманғы сәулет, медиа ретінде, әлі де өзінің қалыптасу сатысында, өз тілі мен тәсілдерін іздеуде. Біз әзірге жаһандық сыни дискурстан оқшауланғанбыз. Сондықтан кітапта Орталық Азия аймағынан шыққан есімдердің пайда болуы-бұл біздің өсіп келе жатқанымыз және әлемге біздің жоспарларымыз қызық екенінің дәлелі.» — деді сәулетші. 

Кітаптың авторлары — Моника Парриндер, Наоми Хаус және Харриет Харриес.

5 советов начинающим архитекторам от Асель Есжановой | Art of Her

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар