Қазақтан шыққан алғашқы кәсіби дирижер әйел кім?

Оқи отырыңыз

Раиса Садықова — қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дирижер. Ол  1944 жылы  Алматы облысы, Мүқыр-Мұсабек ауданында дүниеге келген. Өнерге құштар ару 1963 жылдан Алматы музыкалық училищесін, 1969 жылдан Алматы консерваториясында білім алған.  1975 жылы Ленинград  консерваториясын бітірген. 1964 жылдан Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің құрамында артист, 1975 жылдан Қазақ опера және балет театрында дирижер болып қызмет атқарды.

Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дирижер Раиса Садықова тірі болса 80 жасқа  толар еді | Aikyn.kz

Қазақтан шыққан тұңғыш дирижер әйелдің репертуарында симфониялық музыканың жауһарлары, опера және балет спектакльдері, қазақ классикасының інжу-маржандары болды. Өнер иесі тек симфониялық оркестрге дирижерлық етіп қана қоймады. Сондай-ақ, ол «Отырар Сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестріне және Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестріне де дирижерлік етті.  Одан бөлек, көптеген жылдар бойы Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда педагогикалық қызмет атқарды.

Раиса Садықова симфониялық оркестрдің алғашқы кәсіби әйел дирижері ретінде тарихта қалды.  Дирижерге ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

Ерекше талант иесі 2020 жылы 76 жасында өмірден өтті.

Соңғы жарияланымдар

«Мазалап, қатты қышиды»: Сушиді сүйіп жейтін қазақстандықтың денесінде тері асты құрттары пайда болған

Алматылық Мариям есімді әйелдің күйеуі теңіз тағамдарын, соның ішінде сушиді сүйіп жейді. Алайда 1,5 ай бұрын шикі балықтың құрамындағы...

Ұқсас ақпараттар