Психологияңызды тануға көмектесетін 5 фильм

Оқи отырыңыз

Мирный воин. Книга, которая меняет жизньДэн Миллмен — Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді армандайтын талантты колледж гимнастшысы. Оның өмірі марапаттардан, достарымен көңіл көтеруден, мотоциклге мініп жарысудан және сауық кештерден тұратын еді. Дэн Сократ есімді жұмбақ  адаммен кездескенде жан-дүниесі түбегейлі өзгеретінін білген де жоқ. Ауыр жарақаттан кейін, Сократ пен Джой есімді жас қыздың көмегімен Ден көп нәрсені қайта бастауға, құндылықтарын қайта қарастыруға мәжбүр болады. 

Хижина (фильм) — Википедия

Бұл фильм Макс есімді азамат туралы. Ол босуақытының бәрін кішкентай қызына арнайды. Стюарта Хэзелдайн түсірген фильм Уилльяма П. Янг жазған кітаптың желісін негізге алған. Фэнтези жанрындағы туынды адамды терең ойға жетелейді. 

Первый день моей жизни (2023) — Фильм.ру

Жаңбырлы түнде төрт әртүрлі жастағы адамға  бейтаныс адам жолығады. Ол бұл адамдарға бос қонақүйде бір апта уақыт өткізуді ұсынады және оларға тағдырларын өзгертуге мүмкіндік береді. Төртеудің жұмбақ жетекшісі кім? Өмірден  үмітін үзген олра тіршілікке қайта құштар бола ала ма? Жауабын осы фильмнен таба аласыз. 

Шоу Трумана (фильм, 1998) - отзывы и рецензии

Джим Керри басты рөлді сомдаған фильмді көңілді комедия деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда, «Труман шоуы» — өмірдің трагедиясын ашатын нағыз философиялық туынды. Өмірі телешоуға айналған адамның қуанышы мен күйзелісін суреттейтін кинокартина көп көрерменнің жүрегіне жол тартты.

Куда приводят мечты фильм, 1998, дата выхода трейлеры актеры отзывы  описание на Кинопоиске

Фильм Ричард Мэтисон есімді жазушының «Армандар қайда апарады?» атты кітабының желісінде түсірілген. Бас кейіпкер Крис Нилсон жол апатына ұшырап, ешқашан өлмейтін ғажайып күшке ие болады. Фантасикалық оқиға баяндалғанымен, фильм шынайы өмірде  махаббатың қадір-қасиетіне жетуге үндейді.

Соңғы жарияланымдар

«Әжемнің аяғы ауыр»: шөбересі 76 жастағы әжесі жүкті екенін хабарлады

АҚШ-та 76 жастағы әйелдің жүкті болып қалғаны туралы жаңалық қызу талқыланып жатыр. Қарт қазіргі жүктіліктің 12 аптасында екені белгілі...

Ұқсас ақпараттар

Яндекс.Метрика