Танымал продюсер Баян Алагөзова қызы Айсауле Бақытбектің “Сырласу” бағдарламасында қонақта болып, жақында орын алған жақсы жаңалықтарының құпиясымен бөлісті.
Белгілі проюсердің айтуынша, ЭКО жасату туралы ойды күйеуі Тұрсын Алагөзов білдірген. Салтанат Берденовнаның емханасында жасалған ЭКО бірнеше мәрте сәтсіз аяқталған. Бірінші және екінші рет ұрықтандыру кезінде Баян Алагөзова ұл бала қалағанын жасырмады. Бірақ та оның ойы жүзеге аспаған.
“Менің екі қызым бар. Сондықтан, ұл баланың анасы болуды армандаған едім. Себебі қыздардан кейін ұл балаға қарау және ұл баланың анасы атану сезімін басымнан өткергім келді. Бұл тек қана өзгешілік болсын деген ойдан ғана туындаған. Ұрпақ жалғастыру немесе жеті атасын толықтыру мәселесіне тіреліп тұрған жоқ”, — деді Баян Алагөзова.
”Ана болу туралы ой маған осыдан бес жылдай бұрын келді. Мен сегіз жыл бұрын тұрмысқа шықтым. Ол кезде денсаулығым да, ішкі хәлім де мәз емес еді. Өте көп операция жасаттым. Кейін бәрі оңалған соң күйеуім балалы болу туралы ой тастады. Бірақ, менің жасым мен саулығымды ескере отырып, баланы өзім көтеруіме қарсы болды. Ол кезде менің жасым қырық бестен асқан еді. Әрине, екеуміз де көзі ашық адамбыз. Ғылым да қазір бір орында тұрған жоқ. Мен “эко” арқылы балалы болуға болатынын естігенмін. Ешқандай қорқынышсыз, асып-саспай ұсынысты қабылдадым, “Тоқтай тұр, ойланайық, ізденейік!” деген жоқпын. Бірден Салтанат Берденқызының клиникасы туралы ойладым. Мен ол кісімен қаншама жылдар бұрын танысқанмын. Бұрын инстаграм, интернет жоқ кезде адамдар “На шпильках” бағдарламасына қоңырау шалып, балалы болуға қатысты көп сұрақтар қоятын. Сол сұрақтарға Салтанат Байғошқарова жауап беруге келетін. Мен оған алдымен қоңырау шалдым. Номерін өзгертпеген екен. Ол кісі мен қабылдап, қажетті анализдерді тапсырғызды. Сөйтіп, “сіз өзіңіз де табиғи жолмен босана аласыз!” деген жаңалық айтты. Бірақ, мен ЭКО-ға жүгінетіме сенімді болдым. Сөйтіп, мені горманалды терапиядан өткізіп, қажетті таблеткаларды беріп ана болуға дайындай бастады.
Бүгінде Баян Мақсатқызы төрт қыздың анасы. Жақында туылған сәбилеріне Алиса және Алма деген ат қойды.