Басты бет Ақпарат Дәулет Мұқаев: «Әліппені әлі білмейтін бала жаратылыстануды оқып жатыр»

Дәулет Мұқаев: «Әліппені әлі білмейтін бала жаратылыстануды оқып жатыр»

https://youtu.be/bALmNTAPgHU?si=b5GyqcZEk59knKM8

Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев мектеп оқулықтарындағы қателіктердің көп екенін, бала жасына сай емес екенін айтып «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берді. Депутат өз баласымен бірге үй тапсырмасын орындайтынын, бала оқулықтағы тапсырмаларды түсінбейтінін алға тартты.

Мысалы, «Менің бірінші сынып оқитын балам бар. Әлі 42 әріпті толық білмейтін балаға «Жаратылыстануды оқытып жатырмыз». Оны бала емес, біз, ата-анасы оқып жатырмыз. Тапсырмаларын қарайтын болсақ, «Жер мен айдың табиғатын салыстыр. Айда тіршілік бар ма?» дейді. Біз бірінші балаға жердің планета екенін, айдың жер серігі екенін түсіндіруіміз керек шығар? Оны бала қайдан біледі? Кітаптың басында жер мен ай туралы тақырып, мәтін береді де, оқулықтың ең соңында ғана планеталар туралы ақпарат берілген. Жүйе жоқ. Біз оқушы болғанда қырық екі әріпті танып, содан кейін барып басқасын таныдық. Біз «Жаратылыстануды» бірінші сыныпта оқыған жоқпыз.

«Немесе «бір велосипедші мен бір футболшының қозғалыс траекториясын болжа» дейді. Оны бірінші сынып оқушысы тұрмақ, ересек адамнан сұраса да білмейді. Траектория деген не деп гуглды ақтарып кетеміз. Осыдан кейін бала ақылсыз болып бара жатыр деп ренжиміз. Осындай тапсырманы «Chatgpt» — дан сұрап, ата-анасы орындап беріп отырса, бала қалай сауатты болады?» — деді депутат.

Exit mobile version