Басты бет Алқа Бауыржан МОМЫШҰЛЫНАН МОТИВАЦИЯ

Бауыржан МОМЫШҰЛЫНАН МОТИВАЦИЯ

Picture background

• Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал.

• Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс.

• Таспен атқанды аспен ат — жеңесің. Содан кейін алшақ жүр.

• Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады.

• Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын.

• Өзіңді сыйла, Өзгелер сыйласын.

• Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тəрбиелей бер.

• Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа!

• Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес.

• Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр.

• Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді.

• Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама.

• Жүйкең əлі талай қажет болады. Болмашыға тоздырма. Шешуші сəттерге бапта.

• Уайымға салынудан алшақ бол. Арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін шешім қабылда. Тез шешім қабылда. Тәуекел түбі — жел қайық, жүзесің де өтесің. Уайым түбі — тұңғиық, батасың да кетесің.

  • Сырыңды ешкімге алдыртпа. Екі елі аузыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды.• Өкпелеме. Өш алма. Санасына бер. Аллаға тапсыр!

    • Қыран құстай қырағы бол. Өзгелерді өзіңдей көрме!

    • Пенденің пендеден айырмашылығы адамгершілігі мен білімінде. Таны, оқы!

    • Өнер үйрен. Мамандығыңда мықтысы бол.

    • Өміріңнің сапасына тек сен жауаптысың!

    • Ұрпақ тəрбиесі елу пайыз сенің мойныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын. Қызың саған қарап серігін тауып, бақытты болсын.

    • Кім қанша төмен түссе де, сен өз биігіңде қал!

Exit mobile version