Басты бет Ақпарат Ангелина Лукас бокстан әлем чемпионы атанды

Ангелина Лукас бокстан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас рингтегі 11-жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Ангелина Лукас Бангкоктағы (Таиланд) бокс кешінде жұдырықтасты.

Оның қарсыласы аргентиналық Дебора Анахи Лопес (21-2-1) болды. Жекпе-жек әйелдер арасындағы жеңіл салмақ дәрежесінде өтті. Он раундқа созылған кездесуде төрешілердің шешімімен Ангелина Лукас жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық спортшы кәсіпқой рингтегі 11-жеңісіне қол жеткізіп, IBO белбеуінің иегері атанды. Бұл боксшының биылғы үшінші титулы. Осыған дейін ол WIBF және WBF белбеулерін жеңіп алған еді. Естеріңізге сала кетейік, 27 жастағы Лукас кәсіпқой бокстағы дебютін 2021 жылы өткізген болатын.

«Мен бірнеше жыл бұрын осы атаққа және осындай жекпе-жекке дайын болдым. Мақсатыма сеніммен жетіп, мүмкіндікті күттім. Бала күнімнен бокспен айналыстым, 13 жасымнан бастап әуесқой бокста жүріп, шамамен 300 жекпе-жек өткіздім, әлем чемпиондарынан бастап, Олимпиада чемпиондарын да жеңдім. Бұл тәжірибе әрқашан менімен, қанымда, жүрегімде. Ол маған күш береді!» — дейді боксшы.

Exit mobile version