Басты бет Негізгі Әйелдер шалбар киюді қашан бастады?

Әйелдер шалбар киюді қашан бастады?

Әйел адамдарға арналған сәнді шалбарлардың тарихын Коко Шанель есімімен байланыстырып жатамыз. Себебі, ол өз коллекциясында әйелдерге арналған шалбар тігуді қолға алған алғашқы дизайнер. Осы қадамымен ол сән әлеміне төңкеріс жасап қана қоймай, әйелдердің киім кию құқығын кеңейтіп, батыл қадам жасады. 

Что такое блумерсы, или поворотный момент в истории женских брюк — BurdaStyle.ruДегенмен, шалбар киімінің әйелдер теңдігі тарихында да айрықша орны бар. 19 ғасыр да барша қыз келіншектерге шалбар киюге қатаң тыйым салынған. 1851 жылы шығыстық үлгідегі шалбарға ұқсайтын кең балақты, белдемшенің астынан киілетін ұзын шалбар пайда болды. Мұндай шалбарды «блуммер» деп аталды. Бұл атау The Lily журналының бас редакторы Амелия Блумер есімімен байланысты.

Амелия Блумер (1818-1894)
американдық қоғам қайраткері, феминизм қозғалысының  негізін қалаушылардың бірі, әйелдер құқығын қорғауға ат салысқа күрескер, жазушы, журналист. Амелия Блумер әйелдерге арналған тарихтағы тұңғыш газеттің редакторы.

Амелия Блумер үшін әйелдер құқығы тек сайлауға қатысумен шектелмеді. ОЛ әйел заты өзіне ұнайтын әрі ыңғайлы киім киюге де хақылы екенін жеткізуге тырысты. 1851 жылы Лондондағы Дүниежүзілік көрмеде Амелия қысқа белдемше мен шалбар киіп шықты. Содан бастап, қоғамда бетбұрыс орнап, әйелдер көшеге шалбар киіп шығып,  батылдық таныта бастады. 

Коко Шанельдің әйелдерге арнап тіккен «Палаццо» шалбарлары

Ал, соғыстан кейін Коко Шанель өз шығармашылығында аруларға аранлған костьюм шалбарлар шығаруға арнады.

Exit mobile version