Басты бет Жаңа ой Б.Майлиннің «Талақ» әңгімесінің желісінде фильм түсірілді

Б.Майлиннің «Талақ» әңгімесінің желісінде фильм түсірілді

Режиссер Данияр Саламаттың «Талақ» тарихи көркем фильмі көрерменге жол тартты. Жаңа туындының тұсаукесері Алматы қаласында өтті. Жабық көрсетілімге мәдениет, әдебиет және киноиндустрия саласының өкілдері қатысты.

Туындыда 20-ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ қоғамының өмірі суреттелген. Аталмыш туынды  Халықаралық Шанхай фестивалінде үздік деп танылған. Режиссердің сөзінше: «Фильмде өз құндылықтарынан ажырап қалған ұлт тағдыры, әйел тағдыры бейнеленген».

Бас кейіпкер «Сарымсақ» деген адамның рөлін актер Ерболат Әлқожа сомдап шықты. Фильмнің сценарийі осыдан 7 жыл бұрын жазылып басталған. Содан бері, шыңармашылық топ Ерболат Әлқожамен байланыста болған. Сондықтан, актер «бұл рөлге терең әрі ұзаққа созылған психологиялық дайындықтан өтіп барып келдім», — дейді.

«Қазақтың көкірегіне жетпей жүрген, адамзаттық , ұлттық  құндылықтарды бойтұмардай қылып ұсынған, адамды тәубесіне келтіретін фильм»

Досхан Жолжақсынов

https://www.youtube.com/watch?v=C5PFWxMnDms

Exit mobile version