Басты бет Жаңа ой Болашақты болжаған шығарма

Болашақты болжаған шығарма

Әдебиет — уақыт машинасы сияқты. Ол кейде, бүгінгі заманның бейнесін бедерлесе, бірде тарихты тануға көмектеседі. Ал енді бір шығармалар бізді өзіміз көрмеген, бәлкім көрмейтін болашаққа апарып қайтқандай болады. 

Қазақ тарихында келер күннің келбетін болжаған сәуегей ақындар аз болмаған. Мәселен, Мөңке би:

Құрамалы, қорғанды үйің болады,

Айнымалы, төкпелі биің болады.

Халыққа бір тиын пайдасы жоқ

Ай сайын бас қосқан жиын болады.

Ақыр заман халқының

Шайдан басқа асы жоқ,

Жақыннан басқа қасы жоқ.

Лағынет қамыты мойнында,

Жұмыстан қолының босы жоқ.

Әрқашан да олардың

Көңілінің хошы жоқ.

Бар шаруасы түп-түгел

Енді мұның несі жоқ,

    • — деп бүгінгі күннің проблемасын дөп басып айтқан. Осы тәріздес адамзат өмірінде орын алуы ықтимал жаңалықтар мен оның кері әсерін болжаған шығармалар әлем әдебиетінде де кездеседі. Соның бірі, Олдос Хакслидің «Уа, ғаламат дүние!» (О, дивный мир) атты шығармасы.
    • Кітап не туралы?

      Антиутопиялық романның сюжеті — ойдан құрастырылған мемлекет туралы. Бұл мемлекет технократиялық басқару жүйесіне негізделген. Ең ғажабы, бұл елдің тұрғындары отбасын құрмайды, өмірге бала әкелмейді. Баланы арнайы инкубаторларда жасап шығарады. Ол балалар өмірге келмей тұрып белгілі бір әлеуметтік топқа жіктеледі. Мәселен, альфа тобындағы балалар – ақыл-ой еңбегімен шұғылданса, эпсилон тобынан өсіп шыққан бала тек қара жұмыспен айналысуға жаралған. Олар оқу, жазу дегенді мүлдем білмей, тек жүк тасу, «барып кел, шауып кел» деген істермен ғана өмірін өткізеді.

      Адамдарды бұлай бірден жік-жікке бөліп қою – қоғамды басқаруға, алға жылжытуға көмектеседі. Бұл қаланың тұрғындары медицнаның озық жетістіктерін қолданғандықтан, ешқашан қартаймайды. Жас әрі әдемі қалпында өледі.

    • Бұл романдағы халықта ешқандай арман-мақсат болмайды. Олар тек өздеріне жүктелген іспен ғана шұғылданады. Ешқашан, біреуді ұнатып онымен неке қимайды. Керісінше, тек физикалық құмарын қандыру үшін кез келген кақытта өз жұбын алмастыра береді. Ал, егер тіршіліктен жалығып, бойларын көңілсіздік басса «сома» деп аталатын есірткіні тұтынып, бәрін ұмытып, жадырап сала береді.Бұл қоғамның адамдары тарихын танымайды. Осыған дейін өмір сүрген адамзат туралы мүлде ойланбайды. Бұл мемлекетте тіпті өнер мен шығармашылық та атымен жоқ. Жан-дүниені алдаусырату үшін ойлап табылған электонды ойындар мен болып жатқан оқиғаны түгел сезінуге мүмкіндік беретін кинолар, даңғырлаған музыка ғана бар.

      Осындай бірсарынды өмірден тұратын, қалыпқа құйған фигурадай адамдар арасында Бернард Маркс есімді жігіт пен Линайна Краун деген ару өмір сүреді. Бірақ, бұл екеуі қалғандарына ұқсамайды. Қызықтың бәрі екеуінің өз мемлекеттерінен тыс, өркениеттен алшақ өмір сүретін адамдар ортасына тап болуынан басталады.

    • Роман 1932 жылы жарық көрді. Алайда, романда суреттелген қоғамның кейбір көріністері жүз жыл өтпей жатып біздің күнделікті өмірімізге айналғаны құдды сәйкестік пе дерсіз…

      Айым Алтайқызы 

Exit mobile version