Басты бет Қоғам Ер адамның есімін жамылып жазуға мәжбүр болған жазушы әйел

Ер адамның есімін жамылып жазуға мәжбүр болған жазушы әйел

 

Шарлотта Бронте 1816 жылы 21 сәуірде Англияда дүниеге келген, оның әкесі ирландиялық, ал анасы Корнуоллдық болған. Өмірінің едәуір бөлігін қайғылы оқиғалармен атап өтсе де, ол әдебиеттен бір сәт те қол үзген жоқ. Шығармалардың жазылғанына 200 жыл өткеннен кейін де өз оқырмандарын тауып келеді.

1. Шарлотта анасынан айырылған кезде небәрі 5 жаста еді. Мэри қайтыс болғаннан кейін әкесі төрт қызын, соның ішінде Шарлотты діни қызметкерлердің қыздарына арналған пансионатқа жіберді. Бұл мектептегі қатал, қыздарды темірдей тәртіпте ұстайтын орта оған ұнаған жоқ.

Шарлотта жас кезінен поэзия мен әңгімелер жазды. Интернаттағы есеп карточкаларының бірі оның қабілеттерін «өз жасынан гөрі ақылды, бірақ жүйелі түрде ештеңе білмейді» деп сипаттағанымен, Бронте кітапқа тойымсыз оқырман болған, ол әңгімелер жазып, бауырларымен бірге үй қойылымдарын ұйымдастырған.

Ол 20 жасында қыз өзінің ең жақсы өлеңдерін ақын Роберт Саутиге жіберіп, оның баға беруін өтінеді. Ол 1837 жылы оған үлкен таланты мен шешендік қабілеті бар екенін, бірақ жазудан бас тартуы керек екенін айтып жауап берді. «Әдебиет әйелдің тағдыры бола алмайды және олай болмауы керек»,- деген жауап алған Ш. Бронте бәрібір жазудан бас тарта алмады. Оның «Мұғалім» атты алғашқы романы да бірнеше рет қабылданбай, сәтсіздікке ұшырған. Сөйтіп, ол әдебиетке ер адам есімін жамылып келуді жөн көреді. 

Шарлоттаның шығармалары қандай лақап атпен шыға бастады?

Каррер Белл — Шарлотта Бронтенің бүркеншек есімі. Ол әйел адамдардың әдебиеттегі орнын айқындап алам дегенше, осы есіммен жаза тұруға мәжбүр болды. «Шерли» кітабы шыққаннан кейін (1849), Каррер Белл есімінің артында қарапайым мұғалім, жазушы қыз жасырынып жатыр деген қауесет тарады. Шарлотта әдеби ортада танымал болды және 1853 жылы «Виллетт» романының жариялануы оның беделін арттырды.

Шарлотта бауырларының арасында тұрмыс құрған жалғыз қыз. Шарлотта Бронтеге сөз салушылар көп болды.  Алайда, ару әр адам көтере алмайтын ауыр  мінезге ие екенін айтып, үзілді-кесілді бас тартты. Бірақ ағасы мен әпкелері қайтыс болғаннан кейін ол жалғыз қалды. Сондықтан болар, әкесінің көмекшісі Артур Белл Николасқа тұрмысқа шығып кетті. Алайда, Шарлотта бұл некеде баянды бақытқа жете алмай 1855 жылы қайтыс болады. 

 

Exit mobile version