Бала кезден сүйіп тыңдап, мультфильмін жатқа білетін «Ақшақар» (Белоснежка) туындысы енді қазақ тілінде дыбысталмақ. Анимациялық фильмді ана тілімізде жарыққа шығару 2025 жылға жоспарланып отыр.
Бұл туралы Disney студиясының Орталық Азиядағы реси дистрибьюторы «Меломан» компаниясы хабарлады.
«Ақшақар» фильмінде ханшайымды Рэйчел Зеглер ойнаса, зұлым патшайымның рөлін Галь Гадот сомдайды.
Осыған дейін қазақша дыбысталып, көрерменге жол тартқан «Ойжұмбақ 2» мультфильмі прокаттың алғашқы күні-ақ рекорд орнатқан еді. Қазақша дубляж 3 аптада рекордтық касса 110 миллион теңге жинады. Бұл қазақ анимация тарихында бұрын-сонды болмаған көрсеткіш! 4 шілдеде миньондар туралы «Жексұрын мен 4» (ағл. — Despicable Me) анимациясы шықты. Оны да Universal Pictures компаниясы толығымен өз қаржысы есебінен қазақша аударып, дубляждаған.