Басты бет Ақпарат Астана әкімі LRT құрылысының аяқталу мерзімін атады

Астана әкімі LRT құрылысының аяқталу мерзімін атады

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі құрылысының барысы туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша, 2024 жылдың желтоқсанында Астанада көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама бекітілген. Автокөлік трафигінің артуы аясында бағдарламада қоғамдық көлікті дамытуға, жолдардың өткізу қабілетін арттыруға, жаңа көпірлер салуға, автотұрақтарды жетілдіруге ерекше назар аударылған.

«Қалалық маршруттарға күн сайын 1600-ден астам автобус шығады. Екі жыл ішінде елордадағы қоғамдық көлік паркі 45%-ға жаңартылды. Сіздің қолдауыңыздың арқасында LRT жобасы мәреге жақындап қалды. Жазда құрылыс жұмыстары толық аяқталады. Қыркүйек айында алғашқы пойыздар жеткізіліп, содан кейін белсенді тестілік сынақтар басталады. Қалада заманауи, жайлы және экологиялық көрініс қалыптастыру жұмыстары қарқынды жалғасуда», — деді Қасымбек.

Еске салайық, Президенттің қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы Астанада өтіп жатыр. Бүгінгі отырыста еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылады, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады. Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, сондай-ақ бірқатар өңірлердің әкімдері баяндама жасайды.

Exit mobile version